Көп ұзамай еліміздегі тұрғын үй кешендері ауласында өрт сөндіретін көліктерге арналған орындар пайда болады. Олар қызыл-ақ түсті сызықпен сызылады және тыйым салатын белгілер қойылады. Ондай орынға кәдімгі көлікті қоюға болмайды, айыппұл салынады. Бұл ережені бірінші рет бұзғандар 21 625 теңге, қайталағандар екі есе артық айыппұл төлейді. Астанада қазірдің өзінде осындай орындар пайда болды. Бұл жаңа ереже әсіресе, жаңадан салынып жатқан үйлердің маңында болады.
МҰРАТ МҰХАНОВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
«Өзгерістер 2026 жылдың 21 қарашасында күшіне енді және негізінен қазіргі уақытта салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қолданылады. Тиісті орган мұндай белгілерді қолданыстағы ғимараттардың жанына орнатуды да көздеп отыр. Бұл белгіленген аумақтар тұрғындарға арналған қосымша тұрақ орындары ретінде қарастырылмаған; керісінше олардың мақсаты – өрт сөндіру бөлімінің әуе баспалдағын немесе гидравликалық платформасын орналастыруға орын беру. Бұл төтенше жағдайларға жауап берушілердің ғимараттың жоғарғы қабаттарына кіруін қамтамасыз етеді».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: