Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және «Әділет» партиясының қызметі туралы баяндалды.

Айбек Дәдебайдың айтуынша, депутаттар 18 заң қабылдаған, тағы 38 заң жобасы қаралуда. Жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау, педагогтер мен медицина қызметкерлерін қолдау және өзге де әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша заңнамалық бастамалар пысықталуда. Қабылданған заңдардың орындалуына парламенттік бақылау күшейтілген. Заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатыр. Құрылтайдың қоғамдық қабылдауы мен e-Otinish жүйесі арқылы халықпен кері байланысты нығайту перспективасы талқыланды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: