Kazakhstan Fashion Week елорда төрінде. Бұл жолы сән алаңына Қазақстан мен шетелден 17 дизайнер жиналып, жаңа топтамаларын көпшілікке таныстырады. Подиумда түрлі елдің ұлттық нақышы мен заманауи сән үрдістері көрініс табады. Сән апталығы елімізде осымен 39-маусымын өткізіп отыр. Үш күн бойы сән сүйер қауым дизайнерлердің тың идеялары мен ерекше үлгілерін тамашалап, сән әлеміндегі жаңа бағыттармен таныса алады.
СӘУЛЕ СӘМИДИН, KFW ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:
— Биылғы маусымда Динара Сәтжанның жеке көрсетілімін қоса алғанда, 18 брендтің топтамасы ұсынылады. Сән апталығына шетелдік дизайнерлер де қатысып жатыр. Ресейден Solangel, Қырғызстаннан Zalkar бренді келді. Сондай-ақ грузиялық дизайнер Таконың топтамасы көпшілік назарына ұсынылады. Бүгін көрсетілімді қазақстандық Aida KaumeNOVA бренді ашады. Биыл брендтің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Бұл – Қазақстандағы сән индустриясының қалыптасуына жол ашқан алғашқы брендтердің бірі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

