Динара Сәтжан жеке сән кешін өткізіп, жаңа топтама ұсынды. Ұлттық нақышқа бейімделген киім-кешекті көруге сәнқұмар қауым көп жиналды.
Биылғы сән алаңын дәстүрлі түрде «Dinara Satzhan» бренді жаңа топтамасымен ашты. Көрсетілімге сән индустриясының өкілдері, танымал тұлғалар мен сәнсүйер қауым жиналды.

ДИНАРА ЖАНЫҚҰЛ, ДИЗАЙНЕР:
— «Dinara Satzhan» бренді деп аталғанымен, оның артында үлкен ұжымның еңбегі жатыр. Олардың қатарында тігіншілер, конструкторлар, дизайнерлер және өндіріс мамандары. Ал бүгінгі сән көрсетілімі – атқарылған жұмыстың қорытындысы ғана. Әлемдік сән индустриясының қалыптасқан тәртібі бойынша жылына екі рет – көктемде және күзде топтамалар таныстырылады. Мен Қазақстанда да сән индустриясының Италия мен Франциядағыдай табысты бизнеске айналғанын қалаймын.

Сән апталығы – тек жаңа топтамаларды таныстыратын алаң емес, дизайнерлердің бір-біріне қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасатын орта. Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар отандық сән индустриясының дамуына серпін береді.

ИЛЬЯ ИЛЬИН, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:
— Әрине, мен Қазақстанның сән саласында жұмыс істейтін түрлі ірі компаниямен серіктестік орнатқанмын. Өзім де отандық ерлер киімін шығаратын брендтерді қолдаймын. Олардың киімдерін насихаттап, ер азаматтардың сәнді әрі талғаммен киінуіне үлес қосып жүрмін.

Кеш қонақтары подиумдағы жаңа үлгілерді тамашалап, дизайнердің еңбегіне жоғары баға берді. Kazakhstan Fashion Week алдағы күндері де жалғасады. Көрермен назарына қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің жаңа топтамалары ұсынылады. Басты мақсат – отандық сән индустриясының әлеуетін танытып, қазақстандық дизайнерлердің халықаралық деңгейде танылуына жол ашу.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: