Әзірге еліміздің бірқатар өңірінде қардың орнына жаңбыр жауып тұр. Кейбір жерде шөп әлі көк. Ал осыдан тура 10 жыл бұрын, яғни 2016 жылы осы уақытта далада қар жатқан және қайбір өңірде 33 градусқа дейін аяз болған. Бүгін елордада күн жеті градусқа дейін жылынды. Дегенмен Қазгидромет мамандары алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауатынын ескертті. Бірақ нақты қашан және қай өңірде қар жауатынын дөп басып айтпай отыр. Сонымен қатар жел күшейеді. «Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады», — дейді синоптиктер.
АҚНҰР АЙТБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ:
— Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы бірқатар солтүстік-батыс циклондары өтеді. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 24 қарашада Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысында жекелеген аударда жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Ал республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

