ТҰМАУ ӨРШІДІ
Елде тұмау өршіді. Астана және Алматы тұрғындары ауруханаларда орын тапшы екенін айтып әлеуметтік желіге салды. Маусымдық ауру, шынымен де, денсаулық сақтау саласын тығырыққа тіреді ме? Ауырмай жол іздеудің жолы қайсы? Тілшілеріміз мамандардың кеңесін тыңдады.

АДАЛ АС
Seven news ұжымының сауалынан кейін елордада жабылған самсахана тақырыбы жалғасын тапты. Атышулы оқиғадан кейін арнамызға тағам пісіретін ұйымдардан өтінім көбейді. Олар барлық санитарлық талапқа сай жұмыс істпейтінін айтып, ағынан жарылып жатыр.

1,1 МЛРД ТЕҢГЕ ШЫҒЫН
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған субсидияны жымқыру дерегі анықталды. Күдікті жалған құжат жасау арқылы мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірген. Ол қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.

ДАЙЫН ӨНІМ
Елімізде өңдеу өнеркәсібі ширек ғасырда қарқынды дамыды, оған мемлекет барынша қолдау көрсетті. Енді шикізатты шетелге сатпай, дайын өнім шығару талабы күшейтіледі. Құрылтайда өткен Үкімет сағатында осы саланы дамыту жолдары талқыланды.

СӘН АПТАЛЫҒЫ
Kazakhstan Fashion Week: Астанада сән аптылығы басталды. Оған 17 қазақстандық және шетелдік дизайнер қатысып жатыр. Сонымен былғы жылдың ең үздік киім топтамасы кімнің еншісінде? Озық үлгіні назарларыңызға ұсынамыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: