Рөлге мас күйде отыруды әдет қылған. Ақмола облысының Бозайғыр ауылында елордалық әйел араққа сылқия тойып алып көлік жүргізген. Жол үстінде қиралаңдаған көлік полицейлердің назарына ілініп, тоқтатқан кезде күдіктері расталған. Жүргізуші мас болған. Мұны медициналық сараптама да растады. Белгілі болғандай, әйел мұндай құқықбұзушылыққа алғаш рет жол барып отырған жоқ. Бұған дейін де бір жыл ішінде дәл осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған. Алайда жаза мен ескертуге қарамастан, ол тағы да рөлге ішіп алып отырып, өзін де, өзгенің де басын қатерге тікті.
Өңірде мас күйде көлік жүргізуді қайталайтындар аз емес. Жақында Щучье қаласында арақ-шарап сататын дүкен маңында полицейлер ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Рөлде тағы да мас жүргізуші отырған. Алты жыл бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат сол қателігін қайта қайталаған. Енді оған қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Ал елордалық әйел айыппұлмен құтылды.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА КӨМЕКШІСІ:
— Сот істі қарау қорытындысы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Құқықбұзушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерген сот әкімшілік қамаққа алу жазасын қолданбай, 800 мың теңгеден астам айыппұл салу туралы шешім қабылдады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: