Ақтөбеде 10 жастағы Екатерина Розбахтың өліміне қатысты сот процесі басталды. Қыз баланы тамызда такси жүргізушісі қағып кеткен. Ол үйіне жақын маңдағы дүкеннен тоқаш сатып алып, қайтып келе жатқан. Жол апатынан кейін жасөспірім 20 күн комада жатты. Оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Айыпталушы – 44 жастағы ер адам. Ол жалға алған көлігімен жеке тасымалдау қызметін көрсеткен. Ер адам кінәсін ішінара мойындады. Айтуынша, көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспаған. Іс жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану тәртібін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
АЙБЕК ШОҚПАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Жаяу жүргінші кәмелетке толмаған Розбахты екінші қайтара үстінен басып өтіп, одан әрі қоқыс жәшігінің, жаяу жүргінші өткелі және белгісін қағып кетіп барып көлікті тоқтатқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған Розбах алған дене жарақаттарынан көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, 22 тамыз 2026 жылы сағат 13:53-те қайтыс болған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

