Ақтауда той үстінде жаппай төбелес болды. Қонақтар арасындағы жанжал соңы жанжалға ұласқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, төбелеске қатысқандарды анықтады. Олардың барлығы қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оқиға 31Б шағын ауданындағы мейрамханалардың бірінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: