Шымкентте жол ортасында төбелескендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дәмхана келушілері мен күзетшілері көшенің қақ ортасында жұдырықтасқан. Олар көлік жүретін жол үстінде жұлысып, айналадағылардың зәресін ұшырған. Полиция жанжалға қатысқандардың барлығын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
БАҒЛАН МЫРЗАБАЕВ, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Анықталғандай, қаладағы кафелердің бірінде келушілер мен күзетшілер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

