Францияның Лион қаласындағы лицейде пиротехникалық бұйым жарылып, 40-қа жуық оқушы зардап шекті.
Оқиға таңертеңгі үзіліс кезінде болған. Белгісіз біреулер отшашуды тұтатып, оқушылар жиналған холлға лақтырған. Жарылыстан кейін оқушылардың көбі жеңіл жарақат алып, кейбірі шок жағдайына түскен. Барлығы мектептің медициналық пунктіне жүгінген. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі оқушы ұсталды. Қауіпсіздікке алаңдаған мұғалімдер сол күні сабақ өткізуді тоқтатқан.
Айта кетейік, лицейде мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. 19 қарашада пиротехникалық бұйымдардың жарылуынан мектеп директоры мен қызметкері, бірнеше оқушы жарақат алған еді. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның себептерін анықтап жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

