Қазақстанда енді SIM-карта сатып алып, оны тіркеу үшін жеке басыңызды биометрия арқылы растауға тура келеді. Ал банк немесе басқа мекеме хабарласса, телефон экранында сол ұйымның атауы көрсетіледі. Үкімет отырысында ұялы байланыс саласына енгізілетін жаңа талаптар айтылды.

ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ПРЕМЬЕР МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ЖИ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
— Интернет сапасы әлі де көңіл көншітпейтін аймақтар бар. Бұл мәселені шешу үшін әкімдіктер мен мобильді операторларға бірлесіп жұмыс істеуді тапсырдым. Байланыс инфрақұрылымын жақсартып, интернет сапасын арттыру қажет. Осы мәселелерді өз бақылауыма алдым.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: