Астана мен Алматыда жүк көліктеріне кейбір көшелермен жүруіне рұқсат қажет болуы мүмкін. Көлік министрлігі қалаларда «жүк көлігі қозғалысының арнайы бағыттары» деп аталатын жүйені енгізуді ұсынды. Егер түзетулер қабылданса, тасымалдаушыларға осыдай талап міндеттеледі. Арнайы рұқсаттар онлайн өтінім арқылы тегін беріледі. Оны бір реттік рейске немесе 30 күнге дейін рәсімдеуге болады. Сондай-ақ қысқа мерзімді, маусымдық және төтенше жағдайларға арналған рұқсаттар қарастырылған. Әзірге шектеу қойылатын көшелердің нақты тізімі жарияланған жоқ. Рұқсатпен жүретін көшелерді жергілікті әкімдіктер анықтауға тиіс. Министрліктің есебінше, Астана мен Алматыдағы 64 мың жүк көлігіне бес жыл бойы рұқсат рәсімдеуге кететін бизнес шығыны 9,8 миллиард теңгеге жуықтауы мүмкін. Жаңа тәртіпті 2027 жылдан бастап енгізу ұсынылып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: