Халқымыз «Қараша қаз қайтты – қыс түсті» деп бекер айтпаған. Өйткені қараша қаздар ең соңғы болып жылы жаққа кетеді. Әсіресе солтүстік пен орталық өңірлерде қара суықтың күшеюі осы кезеңге тұспа-тұс келеді. Алайда биылғы күн райы бұл ережеге бағынбай тұр.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, ел бойынша ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде күн жылы болғанымен, кей аймақта жауын-шашын түсіп, тұман, көктайғақ болады. Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды. Ауа райының тұрақсыздығы жол қозғалысына да әсер етуде. Сондықтан жүргізушілерге «ҚазАвтоЖолдың» жедел хабарламаларын қадағалап, сапарға шығарда ауа райы жағдайын ескеруге кеңес берілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

