Ақтөбеде 10 жастағы Екатерина Розбахтың өліміне қатысты сот процесі басталды. Қыз баланы тамызда такси жүргізушісі қағып кеткен. Ол үйіне жақын маңдағы дүкеннен тоқаш сатып алып, қайтып келе жатқан. Жол апатынан кейін жасөспірім 20 күн комада жатты. Оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Айыпталушы – 44 жаста. Ол жалға алған көлігімен жеке тасымалдау қызметін көрсеткен. Ер адам кінәсін ішінара мойындады. Айтуынша, көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспаған. Іс жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану тәртібін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: