Елорданың сол жағалауында ауыс-түйіс. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев орынтағын тастап, теміржол тізгінін қолына алды. Ол – бүгіннен бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.
Ерсайын Қайырғазыұлы үшін бұл сала жақсы таныс. Ол министр болғанға дейін «ҚТЖ»-да төрт жылға жуық басқарушы директор болған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін 2025 жылдың ақпанынан бері басқарды. Оның орнына әзірге ешкім тағайындалған жоқ.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының бұрынғы басшысы Елжас Отыншиев пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 11 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын еске салайын. Арада 13 күн өткенде «ҚТЖ»-ға жаңа басшы келді. Ал «Самұрық-Қазына» қоры басшының орны әлі бос. Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха да қызметімен қоштасты. Құқық қорғау саласында 40 жыл еңбек еткен генерал-лейтенант Мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

