Түркістанда күзгі ағаш отырғызу науқаны басталып, саябақтар мен көшелерге мыңдаған көшет егілді. «Жібек жолы» саябағында табиғат жанашырлары мен ардагерлер 2 мыңға жуық қарағай, үйеңкі, тұт және жиде ағашын отырғызды. Ал аулалар мен көше бойына 500-ден астам терек пен қылқан жапырақты көшет егілді. Әуежайға апаратын жолдың екі қапталына да 22 мыңнан астам түп ағаш отырғызылды. Мұнда тұт, жиде, өрік, алша мен қарағаш өседі. Алдағы уақытта осы жол бойына барлығы 87 мың түп ағаш егу жоспарланған.
Жалпы, биыл Түркістан облысында 1 миллион көшет отырғызу көзделсе, оның 332 мыңы көктемде егілген. Қалған 700 мыңға жуығы күзде топыраққа тамыр жаюы тиіс. Игі іске атсалысқан тұрғындар жасыл желек қаланың көркін кіргізіп қана қоймай, жазда аптаптан қорғайтын саяға айналады деп үміттенеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: