Астанада «Болашақ университеті 2026-2030» атты бесінші Ректорлар мектебі өтті. Халықаралық жиынға отандық оқу орындарының басшылары, мемлекет пен бизнес өкілдері, АҚШ пен Венгриядан келген сарапшылар қатысты.
Қатысушылардың айтуынша, елімізде кафедра меңгерушісінен бастап ректорлыққа дейін басшыларды жүйелі түрде дайындайтын мектеп әлі қалыптаспаған. Ал мықты басшы болу үшін заманауи менеджментті меңгеріп, ұжыммен дұрыс жұмыс істей білу қажет. Бүгінде ректор тек оқу процесіне емес, оқу орнының дамуына, шетелдік серіктестермен және бизнеспен тиімді байланыс орнатуға да тікелей жауапты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жоба бір реттік жиынмен шектелмейді алдағы уақытта арнайы оқыту семинарлары мен тренингтер жалғасын табады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

