Енді мұғалімдер құқығы тапталса, табалдырықты тоздырып, мекеме жағалап жүрмейді. Елімізде педагогтердің еңбек құқығын қорғауға арналған арнайы байланыс орталығы іске қосылады. 1472 қысқа нөміріне хабарласқан ұстаздар жалақы, қосымша ақы, еңбек жағдайы, әдістемелік көмек және мектеп басшылығы не ата-аналармен арадағы жанжалдарға қатысты кеңес ала алады. Ең бастысы, өтініш иесінің құпиялығы сақталады. Қазір жоба сынақтан өтіп жатыр. Тексеру жұмыстары аяқталған соң орталық толыққанды жұмыс істей бастайды.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
— Кейде педагогтер өтінішіне жауап алу үшін айлап күтуге, қайта-қайта сұрау салуға немесе түрлі мекемеге жүгінуге мәжбүр болады. Біздің міндетіміз – осы тәртіпті өзгерту. Әрбір педагог 1472 қоңырау шалу арқылы қажет кеңес пен өздерінің сұрақтарын шешуге көмек ала алады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

