Халқымыз «Қараша қаз қайтты – қыс түсті» деп бекер айтпаған. Өйткені қараша қаздар ең соңғы болып жылы жаққа кетеді. Әсіресе солтүстік пен орталық өңірлерде қара суықтың күшеюі осы кезеңге тұспа-тұс келеді. Алайда биылғы күн райы бұл ережеге бағынбай тұр.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, ел бойынша ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде күн жылы болғанымен, кей аймақта жауын-шашын түсіп, тұман, көктайғақ болады. Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды. Ауа райының тұрақсыздығы жол қозғалысына да әсер етуде. Сондықтан жүргізушілерге «ҚазАвтоЖолдың» жедел хабарламаларын қадағалап, сапарға шығарда ауа райы жағдайын ескеруге кеңес берілді.
АҚНҰР АЙТБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ:
— Елдің солтүстігінде шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Ал республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Ауа температура аясында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндіз ауа райы температурасы 15-20 градус жылыға дейін көтеріліп, жайлы жылы ауа райы қалыптасады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

