МӘҢГІ МАС КЕЛІНШЕК
Ақмола облысында мас күйде көлік жүргізген келіншек екінші рет ұсталды. Бірақ сот ішіп алып рульге отыруды әдетке айналдырған әйелді әкімшілік қамауға алған жоқ. Оған 800 мың теңге айыппұл салды.
ҰЛДАНА МЫРЗУАН ІСІ
Астана прокуратурасы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты айыпталып отырған меншік иелері бірлестігінің төрайымына шығарылған сот шешімімен келіспейді. Бүгін аппеллияциялық өтінішхат қаралды. Судья мен прокурор ортақ келісімге келді ме?
ҮЙ СУЫҚ
Петропавлда 90 пәтерлі үй тұрғындары екі айдан бері жылуға жарымай отыр. Баспанада ыстық су да жоқ. Жауапты мекеме не дейді, жергілікті билік қайда қарап отыр? Қыстың көзі қырауда бүрсең қаққан азаматтардың жағдайын тілшіміз біліп келді.
БАЙЛАНЫС АЯСЫ
Бұдан былай жаңа SIM-карта сатып алсаңыз, оны тіркеу үшін жеке басыңызды биометрия арқылы растау қажет. Ал банк немесе басқа мекеме хабарласса, телефон экранында сол ұйымның атауы көрсетіледі. Үкімет отырысында ұялы байланыс саласына енгізілетін өзгерістер талқыланды.
ОРНЫ БӨЛЕК ДЕМАЛЫС
Бөлектау шыңына шығып көрдіңіз бе? Қысқы демалыс десе, көпшіліктің ойына шаңғы, сноуборд пен ұшар биігін қар басқан тау елестейді. Ал елімізде мұндай көрікті мекен жетерлік. Ендеше, қай өңірде қандай демалыс орны бар? Ішкі туризмге шолу жасаймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

