Вьетнам астанасы Ханойдағы дәмханалардың бірінде газ жарылып, 6 адам қаза тапты. Олардың арасында дәмхана иесі, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары және көшеде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер бар. Сондай-ақ зардап шеккен 10 адам ауруханаға жеткізілді. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, жарылыс салдарынан екі қабатты дәмхана ғимараты толығымен опырылып құлаған. Жақын маңдағы ғимараттар мен автокөліктерге де зақым келген. Құтқарушылар үйінді астында іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Полицияның алдын ала болжамынша, апатқа газдың таралуы себеп болуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

