Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, барлық экипаж мүшесі қаза тапты.
Бұл ақпаратты елдің Ұлттық Қорғаныс министрлігі растады. Оқиға Эскишехир проивинциясындағы Тепебаши ауданында болған. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, тікұшақ оқу-жаттығу кезінде әскери әуе базасынан көтерілгеннен кейін құлаған. Бортта болған 5 әскери қызметкердің барлығы көз жұмды. Оқиға орнында іздеу-құтқару шаралары жалғасып жатыр. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.
РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Эскишехирде оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған бес әскери қызметшіміздің қаза тапқаны туралы хабарды үлкен қайғымен қабылдадым. Қаһарман сарбаздарымыздың рухына Алладан рақым тілеймін. Марқұмдардың отбасыларына, Түрік Қарулы күштеріне және барша халқымызға қайғырып көңіл айтамын. Батырларымыздың жатқан жері жайлы, жандары жәннатта болсын».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

