Тараз қаласында соғыс ардагерлеріне арналған мемориалды қиратқан бұзақылар ұсталды. Олар жергілікті мектепте білім алатын 7-сынып оқушылары екені анықталды.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын зират маныңда орналасқан мемориал қиратылғаны анықталды. Осы дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін есткерткішке толық абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Енді вандализмге жол берген үш жасөспірімнің ата-аналары 56 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Ескерткіштерді қорлау бойынша полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олар Тараз қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 7-сыныптың үш оқушысы екені белгілі болды. Құқықбұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында Білім басқармасы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар енгізілді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға беріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

