Петропавлда жиhазға тапсырыс берген азаматтардың ақшасын иемденіп келген 35 жастағы әйел ұсталды. Тұрғындар әлеуметтік желідегі оның жарнамасына сеніп, тауар алу үшін алдын ала төлем жасап отырған. Бірақ мүлік сол күйі жеткізілмей, халық жер сипап қалған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, кәсіпорын өкілдері 2025 жылдан бері өз міндетін тиісті дейгейде орындамаған. Берешек көлемі 16 миллион теңгеге жуықтайды. Осы күнге дейін полицияға 30-ға тарта адам арыз түсірген. Құқық қорғау органдары жәбірленушілердің саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.
АСХАТ ӘЛМҰРЗИН, КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Серіктестік қызметкерлері шетелдік өндірушілердің жиһазын жеткіземіз деп уәде берген. Алайда кейін мұндай өндіруші компанияның мүлде жоқ екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Зардап шеккендердің қатарында өзге өңірлердің тұрғындары да болуы ықтимал.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: