Қарағандыда автобус жүргізушісі қарт жолушыны салонға кіргізбей, азық-түлігімен бірге көліктен түсіріп кеткен. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазба жұрттың ашуын туғызды. Оқиға базар маңында болған. Жүргізуші қарияның жеміс-жидек пен көкөніс тиелген арбасын автобусқа салудан бас тартқан. Куәгерлердің сөзінше, қоғадық көлік зейнеткердің шашылып қалған өнімдерін басып өткен. Полиция 40 жастағы ер кісіге қатысты екі бап бойынша әкімшілік іс қозғады. Оған 21 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, автопаркте қызметтік тексеру басталды.
АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:
— Бұл жүк таситын такси емес, қоғамдық көлік. Жүк тым көп болса, такси шақыру керек. Мен оны автобустан қуған жоқпын, тек алып жүруден бас тарттым. Ол үлкен арбасымен келді, үстінде толған пакет болатын. Арбасы құлап кеткенде, көмектесуге де бардым.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: