Құрылтай энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыруды қолдайды. Бүгін осы туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Сонымен, энергия үнемдеудің қандай жолы ұсынылып отыр?
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Электр энергиясын үнемдеуді шындап қолға алсақ, елімізде тек бюджеттік мекемелер 11 млрд теңге қаражат үнемдеуіне болады екен. Құрылтай энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Үнемдеу мәселесі әсіресе кәсіпорындар мен бюджеттк мекемелерге қатысты. Мектептер, ауруханалар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің электр энергиясына, жылуға, су мен газға жұмсайтын шығынын қысқарту жолдары ұсынылды. Бюджет қаражатын үнемдеу үшін коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, құрылыс жобасын әу бастан энергия үнемдеуге лайықтап жасау сияқты мәселелер талқыға салынды.
ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
— Энергия үнемдеу ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екені баршамызға мәлім. Ол шығындарды азайтуға, сондай ақ өндіріс пен инфрақұрылымды дамытуға қажет энергетикалық
ресурстардың босатуға мүмкіндік береді. Үнемделген әрбір киловатт/сағат энергия жүйесіне қосымша жүктеме түсірмей, еліміздің артып келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Құрылтайда қаралған келесі Заң жобасы Денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Яғни заң жобасы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, медициналық қызметтерді дамытуға және денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған. Ұсынылып отырған түзетулер медициналық туризмді дамыту медициналық дербес деректерді қорғауды күшейтуді көздейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

