Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. Соның кесірінен республикалық маңызы бар жолдардың кейбір бөліктерінде көріну қашықтығы қысқарып, көктайғақ болуы ықтимал. Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес берілді. Сондай-ақ жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдап, күрт маневр жасаудан аулақ болған жөн.
«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ:
«25 қарашада Абай, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түседі. Салдарынан республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар 8 облыста қатты жел соғып, оның екпіні секундына 30 метрден асуы ықтимал. Автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты 1403 нөмірінен тәулік бойы алуға болады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: