Алматы облысының Ұзынағаш ауылында ер адам күндіз дүкенді өртеп жіберді. Оқиға алдында ол көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алған. Кейін дүкеннің алдына көлігімен барып тоқтап, ғимаратқа белгісіз сұйықтық шашып, от қойған. Күдікті көп ұзамай анықталып, ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, ДП РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Сонымен қатар, аталған азаматтың автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Осы дерек бойынша сот шешімімен оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: