Астанадағы атышулы самсахана иесі халықтан және тілшілер қауымынан әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. Ол артық кеткен тұсын мойындайтынын мәлімдеді. Әрі бұл баю емес, тығырықтан шығу үшін қолға алынған кәсіп екенін айтты. Бірақ уақытша жабылған кәсібін санитарлық талапқа сай етіп жатқаны туралы бір ауыз сөз айтқан жоқ. Бейнеүндеу интернетке жарияланды. Назарларыңызға содан үзінді ұсынамыз. Алайда қазіргі заң нормаларына сай, кәсіпкердің бет-жүзін бүркемелеп беріп отырмыз.
САМСАХАНА ИЕСІ:
— Мен көп тәкәппарлыққа кетіп қалыппын. Мұншалықты дауға айналып кететінін білген жоқпыз. Жалпы, мен сіздерден кешірім сұраймын. Командадан да кешірім сұраймын. Ренжіткен адамдарымнан кешірім сұраймын. Отбасымнан кешірім сұраймын. Менікі дұрыс болған жоқ. Бірақ сүрінбейтін адам жоқ, сіздердің ақкөңілдеріңізге сенемін. Әрі қарай дауды осы жерден тоқтатсақ, журналистер қауымынан да кешірім сұраймын. Себебі маған қазір оңай болып отырған жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: