«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының Басқарма мүшелері Қуаныш Омарбеков пен Владислав Байгужин ұсталып, изоляторға қамалды. Бұл операцияны ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүзеге асырды. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:
— ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: