Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітіп, Жарлыққа қол қойды.
Бұл комиссияның міндеті – бағдарлама жобаларының уақытылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу. Сондай-ақ комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді. Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік орган басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

