Енді үнемшіл болуды үйренеміз. Құрылтай энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Яғни энергия тұтынатын нысандарға мониторинг күшейтіледі. Мекемелер тарапынан берілетін ақпарат мұқият бақыланады. Энергия ресурстарын тиімді пайдаланып, артық шығынды азайту қажет. Энергетикалық бақылаудың ашықтығына да аса мән беріледі. Мектептер, ауруханалар, балабақшалар мен басқа да мемлекеттік нысандар қуат көзін үнемдеуге бейімделуі керек.
БЕКЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ — ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
— Энергия тұтынудың тереңдетілген маниторингіне жататын объектілердің тізбесін кеңейту, содан кейін энергия тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар беру көзделіп отыр. Сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың анықтығына, толықтығына және уақытылы берілуіне мемлекеттік бақылау енгізу көзделген. Энергия аудитін жүргізетін ұйымдардың меншік құқығында қажет жабдықтардың болуына қатысты талаптарды күшейту көзделеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

