Алматыда «Технология. Зияткерлік. Болашақ» атты қалалық байқау өтті. Оған қаланың техникалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген колледж студенттері қатысты. Байқауды Азаматтық авиация академиясының авиациялық колледжі ұйымдастырған.
Жас өнертапқыштар жасанды интеллектіні білім беру, экология, денсаулық сақтау, цифрлық қауіпсіздік және ұлттық мәдениет салаларында қолдануға арналған жобаларын таныстырды. Байқау шарты бойынша, әр жобаның жұмыс істейтін прототипі болуы керек. Мәселен, чат-бот, веб-парақша немесе арнайы бағдарлама. Сонымен қатар қатысушылар «AI-паспорт» әзірлеп, онда қолданған жасанды интеллект құралдарын, нейрожеліге жазған сұраныс пен өздері түзеткен қателерді көрсетеді.
ӘЛЖАПАР САРЕТБАЕВ, АВИАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:
— Бүгінгі күні студенттеріміз цифрлық құралдарды, технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдаланып, оны нақты мәселелердің шешімін табуда қолданып келеді.
РАУШАН ҚАБЫШЕВА, ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Байқаудың мақсаты – талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету, цифрлық сауаттылықты, шығармашылық және сыни ойлауды дамыту. Сондай-ақ жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: