Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. Соның кесірінен республикалық маңызы бар жолдардың кейбір бөліктерінде көріну қашықтығы қысқарып, көктайғақ болуы ықтимал. Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес берілді. Сондай-ақ жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдап, күрт маневр жасаудан аулақ болған жөн.
АРУНА ӘСКЕРБЕК, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ:
— Алдағы күндері Қазақстан ауа райында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты еліміздің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын және қар түрінде күтіледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, сонымен қатар жекелеген аудандарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ құбылыстары байқалады. Жел күшейеді, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: