КЕШІРІМ СҰРАДЫ
Астанадағы атышулы самсахана уақытша жабылғанымен, екінші нүктесі жұмысын жалғастырып жатыр. Арнамызға тұтынушылар хабарласып, осындай ақпарат берді. Ал санитарлық талапты бұзған кәсіпкер екі етегі жасқа толып, халықтан және тілшілер қауымынан әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады.
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КҮДІКТІ
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының Басқарма мүшелері қамауға алынды. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай мәлімдеме жасады.
ДҮКЕНДІ ӨРТЕДІ
Алматы облысында ер адам дүкен қабырғасына бензин шашып, от қойды. Ол үшін көлігінің мемлекеттік нөмірін алдын ала жасырып, қасына нөкерін де ерте келген. Оқиға тапа тал түсте Жамбыл ауданына қарасы Ұзынағаш ауылында болды. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
АУЫЗСУҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР
Жетісу облысы Қарабұлақ ауылының тұрғындары әлі күнге дейін ауызсуға жарымай отыр. Аудан орталығы деген аты ғана. Қараңғы көше, ойқы-шойқы жол аздай, жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері де жолдың тарлығынан ішке кіре алмайды. Халықтың жжанайқайын жергілікті билікке жеткіздік.
ҮНЕМШІЛ ҮКІМЕТ
Құрылтай энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыруды қолдайды. Осы туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Енді ел аумағында үнемшілдікке үгіттеп, ысырапқа жол бермеудің әдіс-тәсілдерін насихаттайтын арнайы ереже жұмыс істейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

