Алматы қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.
Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болған. Өрт туралы хабар құтқарушыларға түнгі сағат үштерде түскен. Төрт минуттан кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдің түгелдей отқа оранғанын анықтаған. Тілсіз жауды ауыздықтауға бір сағатқа жуық уақыт кеткен. Өртті сөндіруге 35 маман мен тоғыз арнайы техника жұмылдырылды. Қазір үйдің неден өртенгені анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД:
«Сағат 03:44-те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның ашық әрі қарқынды жануы байқалған. Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

