Мысыр астанасы Каир маңында ірі өрт болып, ондаған адам көз жұмды.
Жанармай өнімдерін тасымалдаған көлік айналма жолда аударылып, артынша отқа оранған. Жалын маңындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге де тараған. Соңғы мәлімет бойынша, 31 адам қаза тауып, тағы 21-і жарақат алды. Оқиға орнына 39 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Қазір мән-жай анықталып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

