Бразилияның оңтүстігінде соққан жойқын дауылдан 5 адам қаза тауып, 265 тұрғын жарақат алды.
Әсіресе Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы жағдай күрделі. Қатты желдің екпіні сағатына 114 шақырымға жеткен. Салдарынан мыңдаған үйдің шатыры ұшып, ғимараттар қираған. 20 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір өңірде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: