Шымкентте жолда дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды.
26 жастағы Mercedes-Benz иесі жолда бірнеше рет қауіпті маневр жасап, өзге жүргізушілерге қатер төндірген. Полиция оның жеке басын анықтап, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материал жинақтады. Сот оны 10 тәулікке әкімшілік қамақ алу туралы шешім шығарды.
БАҒЛАН МЫРЗАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Mercedes-Benz жүргізушісі көлігін әдейі тайғанатып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол 26 жастағы Асадбек Умаркулов болып шықты. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Полиция жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін ескертеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

