Күштік құрылымдарының 800-ден астам жалған құжаты. Оның арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен прокуратура қызметкерлеріне арналған куәліктер бар. Атырауда жалған құжат жасап, сатқан күдікті қолға түсті. Тәртіп сақшылары 39 жастағы тұрғыннан — 803 жалған құжат пен 367 эмблеманы тәркіледі. Қазір оның сыбайластары анықталып жатыр.
ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
«Тінту барысында түрлі мемлекеттік органдарға тиесілі 803 жалған қызметтік куәлік тәркіленді. Оның ішінде 606-сы ҰҚК-не, 95-і ІІМ-ге, 47-сі Мемлекеттік кірістер органдарына, 46-сы прокуратураға, 9-ы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тиесілі. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 367 эмблемасы тәркіленді».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

