Энергетикалық сусындарды Қазақстанда өндіруге, әкелуге және сатуға толық тыйым салу керек. Құрылтай депутаты Мақсұт Насибулов бұл сусынды кәдімгі жеміс шырыны немесе компот сияқты қабылдауға болмайтынын айтып, дабыл қақты.
Бүгінге дейін жан сергітіп, көзіңді шайдай ашады деген сусын денсаулыққа орасан зиян келтіретінін көрсетті. Өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығының мәліметінше, 2023 жылы елімізде энергетиктің 215 миллион литрі сатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жеткен. Депутат өз сауалын жолдай отырып, энергетикалық сусындардың денсаулыққа төндіретін қаупін жан-жақты ғылыми зерттеуді ұйымдастыруды ұсынды. Үкіметті аталған тауар айналымын мемлекеттік деңгейде заңнамалық реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеуге шақырды.
МАҚСҰТ НАСИБУЛОВ — ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
— Сондықтан да энергетикалық сусындарды кәдімгі жеміс шырыны немесе компот сияқты қабылдауға болмайды. Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі тәулігіне тіпті 100 миллиграмм кофеиннің өзі ұйқыны бұзуы мүмкін екенін нақты көрсетіп отыр. Ал кофеинге көп мөлшердегі қант пен басқа да ынталандырушы компоненттерді қоссаңыз, баяу әрекет ететін бомбаға айналады. Мәселен, Павлодарда 20 жастағы жігіт күніне энергетикалық сусынның 4 банкасын ішем деп, көз жұмды. Мұндай мысалдар жеткілікті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: