«Жетінші арна» қайырымдылыққа арналған жаңа айдар ұсынады. «Мейірім» ерікті қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесіп, қымбат емге мұқтаж балаларға қолдау көрсетеміз. Айдар аясында көмекке зәру бүлдіршіндердің оқиғаларын баяндап, көрерменді қайырымдылық жасауға шақырамыз. Барлық медициналық құжат пен мәлімет қоғамдық қор тарапынан тексерілген.
Алғашқы көмекке мұқтаж бала – Павлодар қаласынан 10 айлық Имран Камеров. Бірнеше рет ота жасалғаннан кейін сәбидің ащы ішегінің небәрі 15 сантиметрі ғана қалған. Қазір ол қажет қоректі көктамыр арқылы алып жүр. Имран Мәскеуде ем қабылдауда. Енді баланың өздігінен тамақтанып, қалыпты өсіп-жетілуі үшін тағы бір күрделі операция қажет. Оған 1 млн 800 мың теңге қаражат керек. Имранның еміне сіз де қол ұшыңызды соза аласыз. Көмек көрсету үшін экрандағы QR-кодты сканерлеп, кез келген соманы аударуға болады. Әрбір қайырымдылық – кішкентай бүлдіршіннің болашағына жасалған қадам.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

