Күн райы тағы құбылып тұр. Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар өңірде қатты жел соғып, жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман болады. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын ұстанып, жолда мұқият болу ескертіледі.
АРУНА ӘСКЕРБЕК, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК:
— Алдағы күндері Қазақстан ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты еліміздің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде күтіледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, сонымен қатар жекелеген аудандарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ құбылыстары болжанады және жел күшейеді
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: