Алматы қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.
Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болған. Өрт туралы хабар құтқарушыларға түнгі сағат үштерде түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минутта жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға бір сағатқа жуық уақыт кеткен. Қазір үйдің неден өртенгені анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бұл үйде 10 шақты жалдамалы бөлме болған. Алапат өртте сол жерде тұратындардың бәрі бірдей сыртқа шығып үлгере алмай қалса керек. Полиция қылмыстық іс қозғады.
АНАР ТҰРҒАНБАЕВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ:
— Өрттің қайдан шыққанын да білмеймін. Мүлде түсінбедім. Түнде, шырт ұйқыда жатқан кезіміз. Таңғы сағат төрт шамасы еді.Үйіміз газбен жылытылады, бәрі қалыпты болатын. Үйде газ баллондары да болды, тамақты газға пісіретінбіз. Менің үнемі қорқатыным осы еді. Ал енді біреулер құтқарылды, біреулер аман қала алмады. Көршілеріміз де аман. Олардың арасында үш кішкентай бала бар.Бізге осы маңдағы Науаи көшесінде орналасқан қонақүйге орналастыратынын айтты. Сол жаққа барамыз. Өйткені басқа барар баспанамыз жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: