Кремльде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Президенттер цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін, сондай-ақ AI Journey 2026 халықаралық конференциясын талқылады. Жүздесуде екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйіне баса мән берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ресейлік жоғары технологиялық компаниялардың қызметін, әсіресе киберқауіпсіздікті дамыту барысын қызығушылықпен зерделеп отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Менімен бірге үлкен делегация келді. Олардың қатарында цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатқан барлық бизнес саласының өкілдері бар. Ресейдің жоғары технологиялық бизнесі Қазақстанда кеңінен танымал. «Сберді» және елімізде ең үлкен жұмыс берушілердің бірі саналатын «Яндекс Қазақстан» компаниясын айрықша атап өткім келеді. Аталған бизнес өте жақсы дамып жатыр. Ресейлік компанияның біздің нарықтағы қызметіне көңіліміз толады, оларға барынша қолдау көрсетеміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

