АЛАПАТ ӨРТ
Алматыда жер үй өртеніп, 5 адам көз жұмды. Оның біреуі – бала. Зардап шеккендер уақытша қонақ үйге орналастырылды. Марқұмдарды жерлеу рәсіміне кететін барлық шығынды жергілікті әкімдік көтереді. Ал құқық қорғау органдары оқиғаның себебін анықтап жатыр.

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ
Күштік құрылымдардың 800-ден астам жалған құжаты. Оның арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен прокуратура қызметкерлеріне арналған куәліктер бар. Атырауда жалған құжат жасап, сатқан күдікті қолға түсті.

ТОЙДАҒЫ ДАРАҚЫЛЫҚ
Тойда ақша шашу – дарақылықтың шегі. Осы оқиғадан кейін әлеумет пікірі екіге жарылды. Жалпы, қазақтың қазынасы саналатын жиын-тойда астамшылық, артық ысырап, дәстүрге жат қылық неге көбейді? Бұған тосқауыл қойып, тоқтау салатын кез келген жоқ па?

ЭНЕРГЕТИККЕ ТЫЙЫМ
Энергетикке тәтті шырын сияқты қарауға болмайды. Бұл сусынның денсаулыққа орасан зор зиян келтіретіні дәлелденді. Сондықтан Құрылтай депутаты сергітетін сусынды Қазақстан аумағында өндіруге және сатуға мүлдем тыйым салуды ұсынды.

БУЛЛИНГПЕН КҮРЕС
Балалар арасында буллинг азаймай отыр. Соңғы уақытта ел аумағында жасөспірімді қудалаудың 400-ге жуық дерегі анықталды. Жас ұрпақты виртуалды әлемнің қаупінен қорғаудың қандай жолы бар? Мамандар мектептегі қауіпсіздікті күшейтудің тың тәсілін ұсынады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: