Батумиде Түркия мен Израиль футболшылары арасындағы матч кілт үзілді.
Еуропа Лигасы аясында өтіп жатқан ойын барысында жанкүйерлер полициямен қақтығысып қалды. «Бешикташ» және «Хапоэль» командалары енді қыза бастағанда трибунада шу шыққан. Ойынның 26-шы минутында жанкүйерлер полицияға орындық лақтырды. Сөйтіп, мачты уақытша тоқтатуға тура келді. Полиция жанжалды басу үшін көз жасаурататын газ қолданды. 40 минуттан соң жанкүйерлер сабасына түсіп, футбол матчы жалғасты. Тәртіпсіздікке қатысы бар 16 адам ұсталды. Үш тәртіп сақшысы зардап шеккен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: