«Жетінші арна» қайырымдылыққа арналған жаңа айдар бастады. «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесіп, қымбат емге мұқтаж балаларға көмек көрсетеміз. Олардың медициналық құжаттары мен жеке деректері қор тарапынан тексеріліп, ұсынылған.
Біздің қамқорлығымызға алынған бала – Павлодар қаласынан 10 айлық Имран Камеров. Бірнеше отадан кейін сәбидің ащы ішегінің ұзындығы бар болғаны 15 сантиметр болып қалған. Қазір ол қажет қоректік заттарды көктамыр арқылы алып жүр. Имран Мәскеуде ем қабылдауда. Оған өздігінен тамақтануға, қалыпты өсіп-жетілуге мүмкіндік беретін ота қажет. Емделуге 1 миллион 800 мың теңге керек. Имранға әркім көмектесе алады. Қайырымдылық жасау үшін экрандағы QR-кодты сканерлеп, қаражат аударуға болады. Аз ғана көмектің өзі үлкен қолдауға айналуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

