АҚШ-та дүлей дауыл тұрып, оьның соңы алапат су тасқынына ұласты.
Дауыл салдарынан 900 мыңнан астам үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Сөйтіп, америка жұрты алғыс айту мерекесін қараңғыда қарсы алды. Қатты жауын-шашын кесірінен көшелер суға толып, тұрғындар белуардан су кешті. Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апатқа байланысты 400-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды. Әзірге зардап шеккендер мен бүлінген дүние-мүлік туралы мәлімет жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: